Оралда Немцовты еске алды

Оралда Ресей консулдығы алдына Борис Немцовты еске алуға барған белсенділер. Орал, 3 наурыз 2015 жыл.

Оралда бүгін "Абырой" қоғамдық бірлестігінің белсенділері Ресей консулдығы алдына жиналып, қастандық құрбаны болған ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алды.

- Мәскеудегі бұл арсыз қылмыс ашылып, оған қатысы барлар табылады деп үміттенеміз, - деді азаматтық белсенді Азамат Мұқанов.​

Белсенділер консулдық алдына гүл шоғы мен Борис Немцовтың суретін қойып, марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ресейлік оппозициялық саясаткер өткен жұма күні кешкісін Мәскеудің орталығында қастандықтан қаза тапқан еді.