Киев: Үш әскери қызметкер мерт болды

Девальцево аймағында жүрген Украина әскері. 24 ақпан 2015 жыл

Украина соңғы 24 сағатта үш әскери қызметкері қаза тауып, тоғызы жарақаттанғанын мәлімдеді.

Киев 2 наурызда сепаратистер Украина әскерінің позициясын 22 рет атқылағанын да хабарлады.  

Ал сепаратистер 2 наурыз түнде Украина әскері Донецкінің шеткі аймақтарын минометпен атқылады деп айыптады.  

Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары 2 наурыз күні түнге қарай телефон арқылы Шығыс Украинадағы жағдайды талқылады.