ЦРУ-дың экс-директоры сотта айыбын мойындады

ЦРУ-дың бұрынғы директоры Дэвид Петреус.

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Дэвид Петреус сотта өзіне тағылған құпия материалдарға қатысты айыпты мойындады. Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, Петреуске "құпия материалдарды бірнеше рет заңсыз алып, пайдаланған" деген айып тағылған.

Қылмыстық іс Солтүстік Каролина штатының Шарлот қаласында қозғалған. Мұнда Петреустің биографиясын жазған автор әрі бұрынғы көңілдесі Пола Бродвел тұрады. Тергеушілер бұрынғы генерал Пола Бродвелмен жақын қарым-қатынаста болғанда оған құпия ақпараттарды берген-бермегенін анықтауға тырысқан.

Сотта Петреус пен Бродвел де кешірім сұрап, жақын қарым-қатынастары Петреус әскери қызметін аяқтаған соң басталғанын айтты.