Путин денсаулығына қатысты сыбысты "өсек" деп атады

Ресей президенті Владимир Путиннің (оң жақта) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі. Санкт-Петербург. 16 наурыз, 2015 жыл.

Санкт-Петербургте Ресей президенті Владимир Путин мен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың кездесуі басталды.

Бұл - Путиннің денсаулығына қатысты түрлі сыбыстар шыққаннан кейінгі көпшілік алдына алғаш рет шығуы.

Шараға қатысып отырған журналистер Путиннің ол жайлы "өсек болмаса, қызықсыз болып қалады ғой" деп айтқанын әлеуметтік желіде жазып жатыр.

Екі ел басшылары кездесу барысында қырғыз-ресей арасындағы әріптестік мәселелері, ортақ жобалар сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара шаралар барысын талқылайды.