БҰҰ: ИМ Ауғанстанда үстемдік орнатуды жоспарлайды

БҰҰ Ауғанстандағы арнайы өкілі Николас Хайсом

16 наурыз күні БҰҰ-ның Ауғанстандағы елшілері "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының Ауғанстан аумағына кіре бастағанын" мәлімдеді.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Николас Хайсомнің айтуынша, ИМ Ауғанстанда өз үстемдігін орнатуды және осы елдегі террористік топтармен бірігуді жоспарлап отыр.

Ресей Ауғанстандағы терроризм қаупінің асқынғанына алаңдап, БҰҰ қауіпсіздік кеңесін "ИМ-нің Ауғанстанда үстемдік құруына жол бермеуге" шақырды.

16 наурыз күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ұйымның Ауғанстандағы миссиясын 2016 жылдың 17 наурызына дейін созуды қолдап, дауыс берген.