Ақ үйге жіберілген конверттен күдікті зат табылды

Ақ үй алдында жүрген қауіпсіздік қызметкерлері, Вашингтон. (Көрнекі сурет).

АҚШ қауіпсіздік қызметі Ақ үйге жолданған конвертте алдын-ала тексерулер бойынша күдікті улы ционид заты бары анықталғанын мәлімдеді.

Күдікті зат ары қарай да тексеруге жіберілген. Қауіпсіздік қызметі конверттің тексеріліп жатқанын ғана айтып, басқа ақпарат беруден бас тартқан.

АҚШ қауіпсіздік қызметі президент Барак Обаманың қауіпсіздігіне жауап береді.