Семейде алты бала ыс тиіп уланды

Семейде жер үйлердің бірінде көмірқышқыл газынан алты бала уланды деп хабарлады бүгін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Балалар пештен шыққан ыс тиіп уланған. Ыс тиген бір мен тоғыз жас аралығындағы бес бала ауруханадан үйіне қайтарылған, 15 жастағы бір жасөспірім ауруханаға жатқызылған.