Каспий теңізі аймағында жер сілкінді

Каспий теңізі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астана уақытымен сағат 7.08 кезінде Маңғыстау облысы орталығы Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 340 километр, Жаңаөзеннен оңтүстікке қарай 290 километрде 4,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмикалық орталығына сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлады.

Каспий теңізінің Түркіменстан жағалауындағы жер сілкінісінің кіндігі 30 километр тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.