Қазақстанда мәслихаттың 59 депутаты жаңадан сайланды

Қазақстанда жергілікті мәслихаттардың орнынан түскен 59 депутаты орнына жаңадан депутаттар сайланды.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, 29 наурызда өткен мәслихат депутаттарын сайлау нәтижесінде Астана қалалық мәслихатына - бір депутат, облыстық мәслихаттарға - сегіз депутат, қалалық мәслихаттарға он депутат және аудандық мәслихаттарға 40 депутат сайланған.

59 орынға ұсынылған 196 үміткердің 179-ы кандидат ретінде тіркелген.