Сепаратистер 16 украин сарбазын босатты

Донецк маңында жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 27 наурыз 2015 жыл.

Украинаның Донецк облысында ресейшіл сепаратистер 16 әскери тұтқынды босатты.

Өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" омбудсмені Дарья Морозованың айтуынша, босатылған украин әскерилері - "Донецк халық республикасы" ұстап отырған соңғы тұтқындар. Украиналық УНИАН сайты автобусқа отырып жатқан босатылған сарбаздардың суретін жариялады. 

Украина президенті Петр Порошенко Twitter-дегі аккаунтында "16 батырдың" босатылғанын растап, сарбаздардың Краматорскіге кеткенін мәлімдеді.