Харьковте Николай Руднев ескерткіші алынды

Your browser doesn’t support HTML5

Харьков қаласында сәуірдің 11-іне қараған түні белгісіз жас адамдар коммунистік дәуір қайраткері Николай Рудневтің ескерткішін оның аты-жөнімен аталатын алаңдағы тұғырыннан құлатқан. Ертесінде қаланың коммуналдық шаруашылық қызметкерлері ескерткіш қирандысын көлікке тиеп, ол жерден әкетті. Харьковте Руднев ескерткішімен бірге коммунистік кезеңнің тағы екі танымал өкілі – Серго Орджоникидзе мен Яков Свердловтың ескерткіштері де тұғырларынан алынған.