Мәскеу билігі бүгін қала орталығында рұқсат берілмеген акция өткізбек болған оппозиция өкілдерін ондай іс-әрекет үшін жауапкершілік артылатыны жайлы ескертті.
Мәскеу қалалық аймақтық қауіпсіздік және коррупцияға қарсы іс-қимыл департаментінің жетекшісі Алексей Майоровтың Интерфакс агенттігіне мәлімдеуінше, қала басшылығы ешқандай форматта акциялар өтпеуін ескертіп, құқық органдарынан жағдайды бақылауға алуды сұраған.
Бұған дейін оппозиция қала билігінің акцияны Мәскеудің солтүстік-батыс бөлігінде өткізу туралы ұсынысынан бас тартып, бүгін қала орталығында жалғыз адамдық пикеттер ұйымдастырып, соңынан оппозициялық саясаткер Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жерге гүл қою жоспары туралы мәлімдеген.
Қарсылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі журналист Александр Рыклин биліктің рұқсатын қажет етпейтін шара – жалғыз адамдық пикетке шығу туралы шешім қабылданғаны жайлы хабарлаған.