Алматыдан 204 километр қашықтықта жер сілкінді

Алматының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 204 километр қашықтықта 8 мамыр күні сағат 00:21-де қуаттылығы 4 магнитуданы құраған жер сілкінді.

Білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық әдістемелік-тәжірибелік орталығының хабарлауынша, дүмпу жердің 25 километр тереңдігінде тіркелген.

Жер сілкінісінен зардап шеккен, қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.