Мәскеуде оппозицияшыл белсенді ауруханаға түсті

Ресей оппозициясының белсендісі, ПАРНАС партиясы саяси кеңесінің мүшесі кіші Владимир Кара-Мурза.

Ресейлік танымал оппозиция белсендісі, саяси көпшілік шараларды ұйымдастырушы кіші Владимир Кара-Мурза кенеттен ауырып Мәскеу ауруханасына түсті. Ақпараттарға қарағанда, Кара-Мурза 26 мамырда кенеттен қан қысымы төмендеп, есінен танып ауруханаға түскен.

33 жастағы Кара-Мурза бұрынғы мұнай магнаты Михаил Ходорковский құрған "Отркытая Россия" үкіметтік емес ұйымының аймақтық үйлестірушісі. Ол АҚШ билігінің Кремльдің жақтаушыларына санкция салуына ықпал еткен.

Кіші Владимир Кара-Мурза бұған қоса ақпан айында қастандықтан қаза тапқан оппозицияшыл саясаткер Борис Немцов құрған ПАРНАС партиясының саяси кеңес мүшесі саналады.