Футбол: Қазақстан Түркиядан жеңілді

Қазақстан мен Түркия құрамасы ойыны. Алматы, 12 маусым 2015 жыл.

Жұма күні Алматыда Қазақстан құрамасы 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының кезекті іріктеу матчында Түркиямен ойнап, 0:1 есебімен жеңілді. Бұл ойындағы жалғыз допты 83-минутта түрік футболшысы Арда Туран салды.

Қазақстан бұған дейін Түркиямен футбол турнирлерінде бес мәрте кездескен. 2004-2005 жылдары Түркия 4-0 және 6-0 есебімен ұтқан.2010-2011 жылғы ойындарда Қазақстан әуелі өз алаңында 0-3 есебімен, сырт алаңда 1-2 есебімен жеңілген. Былтыр Стамбулда өткен соңғы матчта Қазақстан 1-3 болып ұтылған.

Келесі жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Чехия, Исландия, Нидерланд, Түркия және Латвиямен бірге «A» тобына түскен Қазақстан құрамасы бұған дейінгі бес ойыннан бір-ақ ұпай жинап соңғы орында қалған.