Шығыс Қазақстанда мыңдаған үй жарықсыз қалған

Шығыс Қазақстан облысының картасы

Қатты жел мен жауын салдарынан Шығыс Қазақстанда екі жарым мың үй жарықсыз қалды.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығынан жарық облыстағы бес ауданда, Семей және Риддер қалаларында өшірілген.

Департамент дерегінше, 6 шілде таңғы 7:30-дан бастап Күршім ауданында 145, Тарбағатай ауданында 209, Бесқарағай ауданында 537, Глубокий ауданында 660, Ұлан ауданында 392, Семей қаласында 301, Риддер қаласында 60 абонент жарықсыз қалған.

Бұл аймақтардағы ақау 6 шілде кешке қалпына келтіріліп, жарық берілген.

Ал 7 шілдеде Бесқарағай ауданындағы Жыланды ауылында 149 үйде қатты жел мен жауыннан кейін жарық өшкен. Қазір бұл ауылда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.