Қазақстандықтар да Еуропа лигасында төрелік етеді

Футбол төрешісі (Көрнекі сурет)

Екі қазақстандық төрешілер командасы Еуропа лигасы іріктеуінің матчтарында төрелік етеді.

ҚФФ ресми сайтының мәлімдеуінше, петропавлдық Александр Гаузер "Шахтер" (Солигорск, Беларусь) - "Гленавон" (Солтүстік Ирландия) матчында бас төреші болады. 

Ал алматылық Александр Алиев Бакуде өтетін "Интер" (Әзербайжан) - "Лячи" (Албания) арасындағы матчқа бас төреші болып тағайындалған. 

Екі төрешінің көмекшілері де Қазақстаннан шақыртылған. 

Екі кездесу де 9 шілде күні өтеді.