Дияс тамызда Вашингтондағы жарысқа қатысады

Зарина Дияс

Уимблдон жарысының төртінші айналымына дейін жеткен қазақстандық теннисші Зарина Дияс енді 1 тамызда Вашингтонда басталатын Citi Open жарысына қатысады. Бұл туралы жарыстың ресми сайтында жарияланды. 

Дияс 1 тамызға дейін Қытайдың Гуанжоу қаласында қытайлық жаттықтырушысы Алан Мамен осы жарысқа және 31 тамызда басталатын биылғы жылғы соңғы Үлкен шлем жарысы - US Open-ге дайындалады. 

21 жастағы қазақ теннисшісі Зарина Дияс қазір әлемдік рейтингте 34-орында тұр.