Универсиада: Қазақстанда бес алтын бар

Кванджу универсиадасы талисманы.

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан XXVIII дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір алтынға ие болды.

Қазақстандық Никита Филиппов сенбі күні 5 метр 50 сантиметр биіктікке сырықпен секіріп жеңімпаз атанды.

Кванджудағы ойындарға 95 спортшы апарған Қазақстан қазір бес алтын және төрт қола жүлдемен жарыстың жалпы есебінде 11-орында тұр.

Жазғы универсиада 14 шілдеде аяқталады.