Астана он елдің азаматтарына визасыз режим енгізді

Астана қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет)

Шілденің 15-сінен бастап Қазақстанда бірқатар шет мемлекеттердің азаматтарына визасыз режим тәртібін ұзарту және ол тізімге қосымша тағы 10 ел қосу туралы шешім күшіне енді.

Бұған дейін, маусымның 27-і күні Миландағы ЕХРО кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швейцария, Испания, Бельгия, Венгрия, Монако, Сингапур, Австралия, Норвегия, Швеция және Финляндия елдерінің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатыны туралы мәлімдеген.