Теннисші Недовесов үздік жүздікке енді

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов. (Сурет Қазақстан теннис федерациясынан алынды).

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов АТР жариялаған жаңа рейтингте 20 саты жоғарылап, 95-орынға шықты. 

Ал Михаил Кукушкин бес саты көтеріліп, қазір 56-орында тұр. Екі теннисші өткен аптада Дэвис кубогының ширек финалында Австралия-Қазақстан матчында екі ойын өткізіп, бір матчта жеңіске жеткен. Бір матчтағы жеңіс үшін рейтингтеріне ұпай қосылды. 

Дегенмен, Қазақстан бес матчтың қорытындысы бойынша Австралиядан 2:3 есебімен жеңіліп, Дэвис кубогының жартылай финалына шыға алмады.