ФИФА басшысын сайлау 2016 жылы 26 ақпанда өтеді

ФИФА президенті Зепп Блаттер.

ФИФА-ның отставкаға кетіп бара жатқан президенті Зепп Блаттердің орнына жаңа басшы сайлау 2016 жылдың 26 ақпанында өтетін болды.

ФИФА-ның атқару комитеті 20 шілдеде дауыс беру Цюрихте болатын арнайы конгресте өтетінін хабарлады.

Маусымның 2-сінде Блаттер ФИФА-ның жеті шенеунігі коррупциялық қылмысқа қатысты қамауға алынғаннан кейін отставкаға кететінін мәлімдеген. Блаттер содан бірнеше күн бұрын ғана бесінші мерзімге президент болып сайланған еді.