Қырым татарлары басшыларының конгреске баруына кедергі жасалды

Қырым татарлары құрылтайы орталық сайлау комиссиясының басшысы Заир Смедляев.

Ресей билігі Қырым татарларының жетекшілерін осы аптада Анкарада өтетін Қырым татарларының дүниежүзілік конгресіне қатысуына кедергі келтіріп, тергеуге шақыртты.

Қырым татарлары құрылтайы орталық сайлау комиссиясының басшысы Заир Смедляев Азаттыққа Ресей тергеу комитеті өзін және Қырым татарларының өзін-өзі басқару органы - Меджлис басшысының орынбасары Нариман Желялді тергеуге шақырғанын хабарлады.

Тергеуге шақыру құжатында Смедляев пен Желялдің тамыздың 1-і күні 2014 жылы ақпан айында Қырым татарлары мен украинашыл белсенділердің аймақ парламенті жанында ресейшіл белсенділермен қақтығысына қатысты жауап беруге келуі тиіс екені айтылған.

Қырым татарларының дүниежүзілік конгресі 1-2 тамызда өтеді. Конгреске бірнеше елден Қырым татарларының 200-ге тарта өкілі қатыспақ.

Смедляев тергеуге шақырту өзін және Қырым татарларының өзге де басшыларын Түркиядағы шараға қатыстырмау үшін берілген дейді.