Еуропа лигасы: "Қайрат" шотландиялық клубты жеңді

"Қайрат" футбол командасы. (Клубтың ресми сайтындағы сурет)

Футболдан Алматының "Қайрат" командасы Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде шотландиялық "Абердин" клубын ұтты.

30 шілдеде Алматыда өткен алғашқы матчта "Қайрат" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Енді қарымта матч 7 тамызда Шотландияда өтеді.

Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіне шығады. Плей-офф кезеңінен өткен клуб Еуропа лигасы топтық кезеңіне жолдама алады.