Бішкек: Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылу мерзімі белгісіз

Көрнекі сурет.

Қырғызстан 6 тамыздан бастап Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) толықтай мүше болады деген ақпарат дұрыс емес деп хабарлады бүгін осы елдің экономика министрлігіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Министрлік дерегінше, Қырғызстанның ЕАЭО-ға нақты қашан кіретіні белгісіз, әзірге ЕАЭО мүшелері Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армениямен келісім жасалмаған.

4 тамызда Астана Қырғызстанның ЕАЭО құрамына қосылу келісімін, ЕЭО туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және жекелеген халықаралық келісімдерді ратификациялаған. Мұның алдында мұндай құжаттарды Ресей, Беларусь және Армения президенттері мақұлдаған.