Украинаның Донецк қаласында өткен түні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Украинадағы арнайы мониторингтік миссиясының төрт броньді көлігін өртеп жіберген. Бұл туралы ақпарат ЕҚЫҰ миссиясы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақашасында жарияланды.
«ЕҚЫҰ-ның төрт броньді автокөлігі жексенбіге қараған түні жойылды, жорамал бойынша, оларды әдейі өртеген» делінген ақпаратта.
Бұл оқиға миссия қызметкерлері тұратын орынның жанында болған. ЕҚЫҰ миссиясы мұндай іс-әрекеттерді айыптайтынын білдірген.