Мәскеу биржасында доллар бағамы 65 рубльден асты

Рубль.

Мәскеу қор биржасында бүгін рубльдің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағасы тағы түсті. Бірнеше минутта доллар мен еуро бағамы бірдей өсіп, бір доллар 65 рубльден, бір еуро 72 рубльден асты.

Бұған дейін соңғы рет доллар бағасы ақпан айында 65 рубльден асқан.

Биржа сарапшылары рубль бағамының түсуін әлемдік нарықта мұнай бағасының арзандауымен және Қытай Ұлттық банкінің юаньді девальвациялауымен байланыстырады.