Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Your browser doesn’t support HTML5

Тамыздың 19-ы күні Қазақстан теңгесі АҚШ долларына шаққанда 4,4 пайызға құнсызданды. Астана тұрғындары таңертең ғана 188 теңгеден сәл асып тұрған доллар ақша бағамы айырбастау орындарында әп-сәтте өзгеріп шыға келгенін айтады. Қазір айырбас орындары бір долларды (орташа есеппен) 196 теңгеден сатып алып, 198 теңгеден сатып жатыр.