ИМ Пальмирадағы көне ғибадатхананы қиратты

Пальмира қаласының көрінісі.

Белсенділердің мәлімдеуінше, "Ислам мемлекеті" экстермистік тобының содырлары Сирияның Пальмира қаласындағы ЮНЕСКО мұрасына енетін Баал-Шамин ежелгі храмын қиратқан. Сириядағы көне ғимараттар комитетінің жетекшісі Маамун Абдулкаримнің айтуынша, содырлар бірнеше жарылғыш орнатып, Баал-Шамин ғимаратын жарып жіберген.

Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымы Баал-Шамин көне ғибадатханасының қирағанын растады. Бірақ олардың айтуынша, ИМ содырлары бұл ежелгі храмды бір ай бұрын бұзған. Түркиялық белсенді Осама ал-Хатиб те храм 23 тамыздан бұрын қиратылғанын айтады.

Бірнеше күн бұрын "Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымының содырлары Пальмира қаласында антикалық дәуірді зерттейтін 82 жасар ғалым Халед Асадты өлтірген еді.