Дзю-додан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 килограмм салмақ финалында қазақстандық екі балуан Елдос Сметов пен Рустам Ибраев кездесті.
Финал қорытындысы бойынша Елдос Сметов жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Ал Рустем Ибраев күміс жүлдеге ие болды. Финал алдында Сметов жапониялық Тори Шишимені, ал Ибраев 2014 жылғы әлем чемпионы моңғолиялық Болдбаатар Ганбатты жеңген.
Астанадағы әлем чемпионаты 30 тамызда аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан 18 балуан қатысып жатыр.