АҚШ Еуропаға F-22 ұшақтарын жеткізбек

F-22.

АҚШ әуе әскери күштері министрі Дебора Джеймс Пентагонда өткен баспасөз мәслихатында "Вашингтонның F-22 ұшақтарын НАТО-ның шығыс Еуропадағы мүшелерінің территориясына жеткізуді жоспарлайтынын" айтты.

Джеймс "Ресейдің Украинадағы әскери қимылдарының жалғасуы біздің еуропалық серіктестерімізге қауіп төндіреді" деген.

F-22 ұшақтарын осыған дейін Еуропаға тек көрме үшін жеткізіліп келген. Бұл ұшақтарды АҚШ бұған дейін "Ислам мемлекеті" экстермистік тобына қарсы қолданған.