Қазақстан Тәжікстанның сел мен тасқыннан зардап шеккен аудандарына азық-түлік пен құрылыс материалдары түрінде гуманитарлық көмек жібереді.
Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Астанада Қазақстан үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек комиссиясы үкіметке сел мен тасқыннан зардап шеккен Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетуге ұсыныс жасаған. Комиссия отырысы премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен.
Астана сәуірде Тәжікстандағы төтенше жағдайға байланысты Душанбеге 2,7 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек жіберген.