US Open: Зарина Дияс жарысты аяқтады

Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 35-орында тұрған Зарина Дияс Grand Slam турнирлер қатарына енетін US Open жарысының екінші кезеңіне шыға алмады.

Ол бірінші айналымда словениялық Полона Херцогтан 2:6, 5:7 есебімен жеңіліп қалды. 

Бұл жарысқа қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да қатысады. Ол бірінші айналымда украиналық Катерина Бондаренкомен кездеседі.

Осыған дейін ерлер арасында Михаил Кукушкин екінші айналымға шыққан.