Пекиндегі әскери парад

Your browser doesn’t support HTML5

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арнап Қытай астанасындағы Тяньаньмэнь алаңында үлкен салтанатпен өткізілген әскери парадқа 12 мыңдай қытай әскери қызметшілері және 200-ге жуық әскери техника түрлері қатысқан. Парадқа қатысушылар алдында Қытай президенті Си Цзиньпинь сөйледі. Бұл шараға арнайы шақырумен барған 20-дан аса шетелдік мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілері арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та бар. Пекиндегі парадта Қазақстан құрметті қарауыл ротасы әскерилері де сап түзеп өткен. 3 қыркүйек 2015 жыл.