Рим папасы босқындарға қамқорлық жасауға шақырды

Рим папасы Франциск.

Рим папасы Франциск христиан ұйымдары мен шіркеулерін Еуропаға келген босқындарға қамқорлық жасауға шақырды.

6 қыркүйекте Ватиканда құлшылық рәсімін атқару кезінде Рим папасы «әрбір діндарды, діни қауымдастық пен ғибадатхананы бір-бір босқын отбасын қабылдауға шақырамын» деген.

Рим папасы Ватикандағы екі діни ұйымның әрқайсысы бір-бір босқын отбасыларын қабылдап, оларды қамқорлыққа алатынын мәлімдеген.

Соңғы кездері қарулы қақтығыс болып жатқан Сирия, Ирак пен Ауғанстаннан қашқан мыңдаған адам Жерорта теңізі арқылы Еуропаға келіп жатыр.