Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу

Ғалым Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Студенттер сарайында" өтті. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Марқұм Тұрсынбек Кәкішевті ақтық сапарға шығарып салуға келгендер.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек (ортада) профессор Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімінде. 

Қаралы рәсімге келгендер марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсімі кезінде марқұмның суретін көтеріп келе жатқан жігіттер. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасу рәсіміндегі қаралы жиын. Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Профессор Тұрсынбек Кәкішевпен қоштасуға студенттер мен зерттеушілер, марқұмның туыстары мен жерлестері, Алматы қаласы әкімі және парламенттің бірнеше депутаты қатысты.

Тұрсынбек Кәкішев 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында аға редактор болып қызмет атқарған. ​1952-1958 жылдары Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің тарихы институтының ғылыми қызметкері, 1960-1968 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болған. Ал 1978-1986 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде филология факультетінің деканы болып істеген. Ол - қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы мен сынына арналған ондаған монографиялық зерттеулердің авторы.

Қоштасу рәсімі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі "Студенттер сарайында" өтті.

Тұрсынбек Кәкішевті Алматыдағы Кеңсай зиратына жерледі.

Марқұмды жерлеген соң зират басында құран оқылды. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстандық белгілі  әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев 89 жасына қараған шағында, 2015 жылы қыркүйектің 7-і күні Алматыда дүниеден өтті.

Суретте: Марқмұның зираты басындағы темір қоршау. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.

Тұрсынбек Кәкішев зиратына орнатылған уақытша белгідегі жазу. Кеңсай, Алматы, 9 қыркүйек 2015 жыл.