Дияс Жапониядағы жарыстың екінші айналымына шықты

Зарина Дияс.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтинге 43-орында тұрған Зарина Дияс Жапония ашық чемпионатының бірінші айналымынан өтті.

Ол бірінші матчта әлемнің 93-ракеткасы голландиялық Кики Бертенсті 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Матч бір жарым сағатқа созылды.

Дияс екінші айналымда польшалық Магда Линетпен (84) ойнайды.

Қазақстандық теннисші 2014 жылы осы жарыстың финалына шығып, австралиялық Саманта Стосурдан жеңілген.