ЧЛ: "Астана" футбол клубы топтық кезеңді сәтсіз бастады

"Астана" футбол командасы (Сурет "Астана" командасы баспасөз қызметінен алынды).

"Астана" футбол клубы Чемпиондар Лигасының (ЧЛ) топтық кезеңіндегі алғашқы матчын Португалияда "Бенфика" клубымен өткізіп, 0:2 есебімен жеңілді.

Матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймның 51-минутында "Бенфика" ойыншысы Николас Гайтан есеп ашса, 62-минутта Костас Митроглу екінші голды соқты.

С тобындағы екінші матчта "Галатасарай" өз алаңында "Атлетикодан" жеңілді. Есеп - 0:2.

"Астана" келесі матчын 30 қыркүйек күні өз алаңында "Галатасараймен" өткізеді.

"Астана" - Қазақстаннан алғаш рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнап жатқан клуб.