Назарбаев Атырауда облыс әкімдерімен жиын өткізбек

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласында іссапармен жүр деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев сәрсенбі күні Сочиде өткен 12-аймақаралық ынтымақтастық форумынан кейін Атырауға барған.

Атырауда Назарбаев облыстағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысады. Одан кейін президент Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізеді деп хабарланды.