Алматыдағы жол апатынан төрт адам зардап шекті

Полиция көлігі бала бақшаның ойын алаңын бұзып кірген жеңіл көлікті әкетіп жатыр. Алматы, 20 мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы Байтұрсынов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында трамвай бірнеше жеңіл көлікті соққан жол апатынан төрт адам хардап шекті деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Департамент мәліметінше, алдын ал тергеу нәтижесінде трамвай 14 жеңіл көлікті соққан. Қазір оқиғаның себептерін анықтайтын сараптама тағайындалған.

Кейбір мәліметтер бойынша, жол апатына оқиғаға трамвайдың тежегіші істен шығуы себеп болған.