Ресейдің Сириядағы әуе соққысы

Your browser doesn’t support HTML5

Қыркүйектің 30-ы күні таңертең Ресей парламентінің жоғарғы палатасы – федерация кеңесі елдің әуе қорғанысы күштерін Сирия жерінде қолдануға рұқсат берді. Арада бірнеше сағат өткенде Ресей ұшақтары Сирияның Хомс провинциясына соққы берген. Сирия оппозициясына сілтеме жасап Reuters агенттігінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан 36 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл мәлімдемені «біз сан мәрте естіген ақпараттық шабуыл, соғыс қой» деп атаған. (Reuters / Ресей қорғаныс министрлігі видеолары)