Алматыдан 267 километрде жер сілкінген

Көрнекі сурет.

Бүгін таңертең Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 267 километр қашықтықта 4,0 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша сағат 9:32 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, 10 километр тереңдікте болған.

Жер сілкінісінің дүмпуі Алматы облысында сезілмеген.