Ресей Сириядағы бірнеше нысанға әуеден соққы берді

Ресейлік Су-24 ұшақтары.

Ресей әскери ұшақтары 5 қазан күні Сирияда 15 рет аспанға көтеріліп, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы шебіндегі бірнеше нысанға 10 рет соққы берген.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, ұшақтар Хомстағы ИМ-ге тиесілі үш пунктті бомбалаған. 

Кремль "Ресей ұшақтары ИМ позициясын 30 қыркүйектен бастап бомбалап жатқанын" айтса, Батыс елдері Ресейді "Башар Асад қарсыластарының позициясына шабуыл жасады" деп айыптайды.

5 қазан күні АҚШ президентінің баспасөз қызметкері  Джош Эрнест "Ресейдің ИМ-ге қарсы шабуыл жасағанына ешқандай дәлел жоқ" деп мәлімдеді.