Биржада доллар бағамы өсті

Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік саудада АҚШ долларының орташа бағамы 273 теңге 53 тиынды құрады, бұл бүгінге белгіленген ресми айырбас бағамынан 58 тиынға қымбат.

Сәрсенбі күні биржадағы саудада 78 миллионға жуық доллар сатылған.

Қазақстан ұлттық банк валюта интервенциясын жалғастырып жатқанын хабарлады. Сейсенбі, қазанның 6-сы күні Ұлттық банктің биржадағы валюталық интервенциясының көлемі 20 миллион долларды құраған.

Ұлттық банк «теңгенің айырбас бағамын еркіне жіберілген соң» қыркүйектің 16-сынан бастап биржадағы саудаға араласа бастағалы бері валюталық интервенция көлемі 1,2 миллиард долларды құраған.