Иран парламенті ядролық келісімді қолдады

Иран парламенті депутаттарының отырысы

Иран парламенті Тегеранның әлемдік державалармен жасасқан ядролық келісімнің күшіне енуін қолдады деп хабарлайды ирандық ресми IRNA агенттігі.

Бірақ Иран парламенті келісімге дауыс беру кезінде халықаралық инспекторлардың Иранның әскери нысандарына кіруі шектелетінін ескертті. "Ядролық келісімді күшіне енгізу туралы заң жобасы 13 қазанда парламенттің 161 депутатының қолдауымен мақұлданды" деп хабарлады агенттік.

14 шілдеде Тегеран мен алты ел жасасқан келісім бойынша, Иранның ядролық бағдарламасы мен оған қатысты қызметі шектеліп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкциялар жұмсарады.