Қазақстанда темекі бағасы қымбаттамақ

Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі 2016 жылдан бастап темекі бағасын қымбаттататын қаулы қабылдады. 12 қазанда қабылданған үкімет құжаты ресми БАҚ-та бүгін жарияланды.

Құжатта 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап фильтрі бар бір қорап темекінің көтерме бағасы 240 теңгеге дейін қымбаттайтыны айтылған. 2015 жылдың соңына дейін қорап темекінің бағасы 220 теңге мөлшерінде болмақ.

2015 жылдың 1 қаңтарында фильтрі бар бір қорап темекінің көтерме бағасы 200 теңгеге дейін қымбаттаған. Биліктің ұйғарымынша, бағаның қымбаттауы темекі шегуді азайтып, республика бюджетіне акциз бағасын көтеруден түсетін қаржыны молайтады.