Шведова Гонконгтағы жарыста жеңіске жетті

Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Гонконгта өткен теннис турнирінің жұптық жарысында жеңіске жетті.

Франциялық Ализе Корнемен жұптасып ойнаған Шведова финалда Лара Арруабаррена-Весино/Андреа Клепач (Испания/Словения) жұбын 7:5 және 6:4 есебімен жеңді.

Бұл - Шведованың биылғы маусымдағы екінші жеңісі. Мамырда ол австралиялық Кейси Деллаквамен жұптасып Мадридтегі Mutua Madrid Open жарысында жеңіске жеткен. Бұдан бөлек, Деллаква екеуі Ролан Гаррос, US Open жарыстарының финалына дейін жеткен.