Ресейде тәжік сәбиінің өлімін тергеуге шақырды

Шетінеген Умарали Назаров. Көрнекі сурет.

Ресей президенті жанындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкілетті тұлға Павел Астахов Ресей билігін тәжік баласының өліміне қатысты жағдайды тергеуге шақырды.

Болжам бойынша бес айлық Умарали Назаров тәжікстандық ата-анасы Ресейге кіру ережесін бұзды деген күдікпен Санкт-Петербургте қамауға алған күннің ертеңінде, 14 қазанда өлген.

Назаровтың ата-анасының айтуынша, полицейлер оларды ұстау алдында сәбиінен ажыратып, қамауда болған бес сағат бойы қолдарына бермеген. Назаровтың ата-анасы өздеріне полицейлердің баланы тыныс жолдарында проблема болғандықтан ауруханаға жөнелткенін мәлімдегенін айтады. Келесі күні оларға баланың өлі денесін берген. Назаровтың әке-шешесінің сөзінше, баланың дені сау болған.

Бұл жағдай Мәскеудегі тәжік азаматтарының наразылығын тудырып, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған еді. Тәжік билігі Ресей үкіметінен инцидентті зерттеуді талап еткен. Ресейдің Тәжікстандағы елшілігі баласынан айырылған отбасына көңіл айтқан. Ресейде миллионнан астам тәжік мигрант тұрады.