Назарбаев Францияға барды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Францияға барды. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландпен кездесіп, ЮНЕСКО бас конференциясының 38-сессиясына қатысады деп жоспарланған.

Бұған дейін Назарбаев Парижде француздық мұнай-газ және машина жасау саласындағы трансұлттық компаниялармен бірқатар келісімге қол қояды деп хабарланған. Қазақстанда француз инвестициясы салынған 100 шақты кәсіпорын жұмыс істейді.

Назарбаев Францияға барғанға дейін Ұлыбританияда сапармен болды.