Косово ЮНЕСКО-ға мүше бола алмай қалды

Косово сыртқы істер министрі Хашим Тачи.

Парижде 9 қарашада өткен дауыс беруде Косово ЮНЕСКО мүшелігіне өтпей қалды. ЮНЕСКО жиынындағы дауыс беруде 92 мемлекет Приштинаның ұйымға мүше болуы туралы өтінішін қолдап, 50 мемлекет қарсы болды. ЮНЕСКО-ға мүше болу үшін Косовоға үш дауыс жетпей қалды.

Косовоның ЮНЕСКО-ға қосылуы - Приштинаның саяси басымдықтарының бірі. 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздігін жариялағаннан бері Косовоның тәуелсіздігін 111 мемлекет таныған. Бұл елдердің арасында Сербия мен Ресей жоқ. Ресей Косовоны БҰҰ-ға мүше болғызбау үшін Қауіпсіздік кеңесіндегі тұрақты мүше ретіндегі құқығын пайдаланған.

Косово сыртқы істер министрі Хашим Тачи Facebook-тегі парақшасында "Бізді тоқтату мүмкін емес. Біз басқа да ұйымдарға, оның ішінде ЮНЕСКО-ға қайта өтініш беріп, қосыламыз" деп жазды.

Сербия билігі дауыс беру қорытындысына көңілі толатынын білдірді. Сербия президенті Томислав Николич "Бұл - іс жүзінде мүмкін емес жағдайдағы әділетті әрі моральды жеңіс" деп мәлімдеді.